SAMGAU (UPSHIFT) бағдарламасының негізгі мақсатты тобы - жастар мен жасөспірімдер.

Талаптар:

  • 10 жастан 19 жасқа дейін (қоса алғанда);
  • Қоғамға пайда әкелуге, білім мен дағдыларды дамытуға деген құштарлықтың болуы!;
  • Интернетке қол жетімділік (болмаған жағдайда өтініште көрсету қажет).

Сондай-ақ, мақсатымыздың бірі – өмірде қиындықтарға тап болған жасөспірімдер мен жастарға қолдау көрсету. Басымды мақсатты топ – осал топтағы жасөспірімдер (АҚТҚ және басқа созылмалы аурулармен өмір сүру, мүгедектік және т.б.).

Біз қалай жұмыс жасаймыз?

- медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің, жұмыспен қамту орталықтарының әлеуметтік қызметкерлері және мектептер мен ТжКБ әлеуметтік мұғалімдерінің әлеуметтік осал топтағы жастар мен жасөспірімдерді бағдарламаға бағыттауы;
- Instagram @jastar_qyzmetkerleri және facebook әлеуметтік желілері;
- өмірде қиындықтарға тап болған жасөспірімдер мен жастармен жұмыс жасайтын ҮЕҰ-мен бірлескен түсіндіру жұмыстары;
- ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары арқылы жұмыс жасаймыз.ЛОГО 004

Жобаның жоспарлары:

– дағдыларды арттыру, әлеуметтік және бизнес-жобаларды құру бағдарламасына қатысудың артықшылықтары туралы 5 500-ден кем емес өмірде қиындықтарға тап болған жасөспірімдер, жастар және олардың отбасылары хабардар етіледі;
– кемінде 2 000 жасөспірім (оның ішінде АҚТҚ-мен, мүгедектікпен, созылмалы аурулармен және т. б. өмір сүретіндер) дербестікке және жұмысқа орналасуға ықпал ететін дағдыларға оқытылады;
– UPSHIFT әдіснамасы бойынша әлеуметтік және бизнес-жобаларды құруға 800 жасөспірім (оның ішінде АҚТҚ-мен, мүгедектікпен, созылмалы аурулармен және т. б. өмір сүретіндер) қатысады;
- кем дегенде 300 жасөспірім өз жобаларын құру үшін 100 командаға біріктіріледі, оларға өз жобаларын іске асыруға шағын гранттер табысталады.

Не істеу керек?!

Қатысу үшін jashome.org веб-сайтында өтініш толтырып, @jastar_qyzmetkerleri инстаграмына жазылу керек! Өтініштер Қазақстанның түкпір-түкпірінен қабылданады! Қатысу тегін!

Кеңес алу үшін біздің маманға жүгінуіңізге болады – Алтынгүл Атабаева, жасөспірімдер мен жастарды арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру бойынша маман.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша WhatsApp: +7 778 249 32 46 (Алтынгүл) телефон номері немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.

Сәттілік!