Өмірлік дағдыларды дамытудың 2 апталық онлайн курсы

Оқу бағдарламасы топпен 14 күн жұмыс істеуге есептелген, оның шеңберінде 7 модульдік тренинг және 3 мониторинг пен үй тапсырмасын орындаудың кезеңі өткізіледі.
7-модульдік  тренинг  белгілі  бір  құзыреттер  жиынтығын дамытуға бағытталған.
Әр  модульді  логикалық  ретпен  өткізілетін болады:

Модульдің атауы

Қатысушылар қандай
дағдыларды игереді?

1 модуль

Командадағы ынтымақтастық

Қатысушылар бірлесіп әрекет етуді және ортақ шешім қабылдауды, топтағы белгілі бір жағдайда ымыраға келуді үйренеді. Сондай-ақ, олар өздерінің мінез-құлқын топтың мақсаттарына жету міндетіне бейімдеуді үйренеді.

2 модуль

Сыни ойлау

Қатысушыларды өз пікірлерін білдіруге, ақпаратты талдауға үйретеді: салыстыру, логикалық бөліктерге бөлу және жалпылау.

3 модуль

Креативті ойлау

Қатысушылар өздерінде және басқаларында креативті ойлауды бастау, дамыту және жаттықтыру тәсілдері, табылған стандартты емес шешімдерді одан әрі қолдану тәсілдері туралы біледі. Алынған білімді қолдануға, соның ішінде бір тапсырмаға бірнеше шешім жасауға, қолда бар шешімдерден ең оңтайлы шешімді таңдауға үйренеді.

4 модуль

Шешім қабылдау

Қатысушылар жағдайға сәйкес басымдық беру жолдары туралы біледі, мүмкін болатын шешімдердің максималды санын көреді және өздері мен осы шешімге тәуелді басқа қатысушылар алдындағы белгілі бір шешімді таңдау жауапкершілігін түсінуді үйренеді.

5 модуль

Мақсат қою

Қатысушылар мақсат қою жүйесін анықтайды: анықтамадан жетістікке дейін, мақсат қоюдың әдістері мен құралдары. Сондай-ақ мақсат қоюдың әдістері мен құралдарын пайдалануды, мақсат қоюдың процесін жоспарлауды, басымдықтарды белгілеуді, мақсат қоюдың құрамдас бөліктерін тануды және оларды басқаруды үйренеді.

6 модуль

Уақытты басқару

Қатысушылар стратегиялық және тактикалық жоспарлаудың негіздерін біледі, уақытты жоспарлау құралдарын қолдануды үйренеді, жеке және басқарушылық тиімділік аудитін жүргізеді, өз жоспарын құру үшін басымдықтар мен анықтамалық нүктелерді анықтайды.

7 модуль

Қажеттіліктерді анықтау және командаларды қалыптастыру

Қатысушылар жасөспірімдер мен жастарды қызықтыратын қажеттіліктер мен мәселелерді анықтау әдісін біледі. Сондай-ақ өздері үшін басым проблемалық мәселелерді анықтауды үйренеді.

 

БАҒДАРЛАМА ДИЗАЙНЫ

1.

1-3 бағдарлама модульдері

3 күн

2.

Өзіндік жұмыс. Үй тапсырасы

3 күн

3.

4-6 бағдарлама модульдері

3 күн

4.

Өзіндік жұмыс. Үй тапсырасы

3 күн

5.

7 бағдарлама модулі

3 күн

6.

Өзіндік жұмыс. Үй тапсырасы

1 күн

7.

UpShift-тренинг

 

 

Өмірлік дағдыларды дамытудың 2 апталық онлайн курсына қатысу туралы қысқаша нұсқаулық:

  1. Сіз Zoom.us арқылы өмірлік дағдыларды дамыту бойынша тегін онлайн оқытудан өтесіз;
  2. Сабақтар 2 апта ішінде өтеді – әр 3 күн сайын 1,5 сағаттан;
  3. Ол үшін сізге қол жетімді жақсы интернет қажет (егер сізде болмаса, ұйымдастырушыларға хабарлаңыз) және бейнекамерасы бар компьютер, ноутбук немесе планшет керек;
  4. Сабақтан қалмауға тырысыңыз, себебі әрбір кездесу сіз үшін маңызды ақпарат береді;
  5. Жақсы нәтижеге қол жеткізу және ыңғайлы қатысу үшін сабақ кезінде сізге ешкім кедергі жасамағаны немесе ұялтпағаны жөн.
Image