SAMGAU (UPSHIFT) бағдарламасына қатысушыларға арналған шағын гранттар

- 3-5 адамнан құралған командадағы жастар буткамптарға (әлеуметтік инновациялар әзірлеу жөніндегі семинарлар) қатысу кезінде инновациялық жобалар әзірлейді және судьялардың және үйретуші менторлардың бағалауы нәтижесі бойынша менторлық бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне ие болады, бұл сонымен қатар шағын гранттар бөлуді де қамтиды.

- Менторлық бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңі ішінде әр жас адам тек 1 (бір) ғана команданың жобасын іске асыруға қатысу мүмкіндігіне ие.

- Әр буткампке 10 командаға дейін қатысады, оның 7 дейіні менторлық бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Таңдауды келесі критерийлер негізігде судьялар мен үйретуші менторлар іске асырады:

1) инновациялық;

2) ықпал;

3) іске асырушылық;

4) тұрақтылық;

5) масштабтау.

- Командалар қатысушылардың өтінім нысанында көрсеткен байланыс ақпаратына ресми хаьарлау жолымен, буткамп аяқталғаннан кейінгі 2 апта ішінде таңдау нәтижесі туралы хабардар болады.

-Менторлық бағдарлама аясында әр команда 2 өз жобасын үш ай ішінде  іске асыру үшін 200 000 (екі үш мың) теңгеге дейінгі мөлшерде шағын грант алу мүмкіндігіне ие.

- Командаларға Қазақстан Республикасында тыйым салынбаған, басқа көздер есебінен жеке бастамасын іске асыру үшін қосымша қаржы тартуға рұқсат беріледі.