Жоба туралы

UPSHIFT - бұл жастардың ең осал тобына ерекше назар аударатын, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бағдарламасы.

ЮНИСЕФ-тің Инновациялық зертханасының флагмандық бастамасы болып табылатын UPSHIFT методологиясын пайдалана отырып, біздің бағдарлама жастардың әлеуметтік инновациялар мен кәсіпкерлік саласын меңгеруіне көмектесуі үшін, жастарды дамытудың алдыңғы қатарлы әдістерін қамтиды.

Бағдарлама білім берудің жаңа эмпирикалық тәсілін пайдаланып жастар мен жасөспірімдерді жергілікті қауымдастықтарда туындаған мәселелерді анықтауға, зерттеуге және түсінуге және өнімдер немесе қызметтер түріндегі нәтижелі шешімдер жасауға үйретеді.

UPSHIFT бағдарламасының SAMGAU деп аталатын қазақстандық нұсқасы адамға ерекше назар аударатындай етіп негізделген методологияға құрылған және өмірлік дағдыларды нығайтатын онлайн тренингтерді, инновациялар жайлы практикалық семинарларды, әзірленген шешімдерді іске асыру үшін шағын гранттар мен тәлімгерлікті қамтиды. Осылайша, бұл бағдарлама жастар мен жасөспірімдердің әлсіз топтарының мүмкіндіктерін кеңейтуге және олардың әлеуметтік салада жаңашыл болып қалыптасуына арналған өмірлік дағдыларды және әлеуметтік инновациялар мен кәсіпкерлікті нығайтуға арналған тәсілдерді қамтиды.

Бағдарлама аясында жастар лайықты еңбек пен әлеуметтік инновациялар мен кәсіпкерлікке арналған келесідегідей өмірлік дағдыларды дамытатын болады: мақсат қоя білу; уақытты басқару; сыни ой; шығармашылық және креативті ой; коммуникативтік және көшбасшылық дағдылар; ынтымақтастық мен командалық жұмыс.

Жастар кәсіпкерлікке арналған өмірлік дағдыларды және кәсіпкерлікке арналған дағдыларды дамытумен қатар, SAMGAU (UPSHIFT) бағдарламасы олардың жергілікті қауымдастығына жастардың жасаған өнімдері мен қызметтерінен алған, жанама пайдалар жолымен, сонымен қатар, оң өзгерістердің қозғаушы күші ретіндегі жастардың ойын өзгерту жолымен, барынша кең ауқымда оң ықпал ететін болады.

imgonline-com-ua-Resize-eli62oBAxfe4W.jpg

 

Бағдарламаның мақсаты

Жасөспірімдер мен жастардың әлеуметтік инновациялар мен кәсіпкерлік және болашақ мүмкіндіктерді нығайту мен жұмыс орындарын құру үшін қажетті дағдыларын дамыту.

 

Бағдарламаның мақсаттық тобы

10-19 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдер.

Мақсаттық басым топ - жасөспірімдердің осал топтары (ЖИТС және басқа да созылмалы аурулары, мүгедектігі бар және т.с.).

 

Бағдарламаның құрылымы

1) Өмірлік дағдыларды дамытуға арналған 1-2 апталық онлайн курс (өмірлік дағдыларды нығайтуға арналған 6 сессия және проблеманы анықтауға және команда құруға арналған 1 сессия);

2) буткамп - 5 күндік онлайн семинар - әлеуметтік инновацялар бойынша семинар (проблемадан инновациялық шешімге дейін);

3) 3 айлық менторлық бағдарлама, оның барысында менторлардың ықпалымен жастар әзірлеген жобалары мен идеяларын іске асыратын болады;

4) қатысушыларды қолдау посты (тренингтер өткізу,қолданыстағы акселарациялық және инкубациялық бағдарламаларға бағыттау және т.с.).

 

Қатысу үшін

Өтініш Қазақстанның барлық өңірінен қабылданады.

Қатысу үшін онлайн өтініш толтыру қажет (онлайн тіркеуге сілтеме тілге байланысты болады).

Барлық қосымша сұрақтар жайлы (WhatsApp): +7 778 249 32 46 (Алтынгүл) хабарласыңыз.

Бағдарлама ұйымдастырушылары: БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Жастар қызметкерлері қауымдастығы

 

Қосымша

SAMGAU бағдарламасының мазмұнының базалық негізі көбіне модульдер түрінде көрсетілген, бұл болса, SAMGAU-дың түрлі мәнмәтінге бейімделуіне мүмкіндік береді және оның жастарға арналған инновациялық зертханадан бастап, жастар орталықтарына дейінгі түрлі жағдайда іске асуына мүмкіндік береді.

Қызмет ауқымының кеңеюіне қарай әлеуметтік қызметкерлерді, әлеуметтік педагогтарды, ҮЕҰ мен еріктілерді жастардың ресурстық орталықтарына және сыныптан тыс жұмыс аясындағы жобалық қызмет түрінде мектептерге тарту жолымен, бұл тәсілді олардың тұрақты бағдарламасы ретінде енгізу жоспарлануда.

COVID-19 короновирустық инфекциясының пандемиясы жағдайында Қазақстанда

Learning Passport платформасын (ЮНИСЕФ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Microsoft және Кембридж университетінің бірлескен жобасы) пайдалану мүмкіндігі қарастырылуда. Ол жастарды және осы бағдарламаның үйретуші менторларын өмір дағдыларына үйренуіне мүмкіндік береді.