«Birgemiz: Bilim - Atyraý» жобасы

bilim

Тақырыбы: ҰБТ-ға дайындық, Атырау облысындағы ауылдық елдімекендерде орта мектептердің жоғары сынып оқушыларын ағылшын тіліне, компьютерлік және құқықтық сауаттылыққа оқыту бойынша волонтерлік көмек көрсетуге бағытталған "Birgemiz: Bilim" жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру

Жобаның мақсаты: еріктілікке ынталандыру және халықтың азаматтық белсенділігін арттыру арқылы ауылдық елдімекендердегі жоғары сынып оқушыларына ерікті-тьютерлердің (сүйемелдеуші) оқыту қызметтерін көрсету ________________________________________________________________________

Жоба міндеттері:

1) Халықаралық және отандық тәжірибелерге сүйене отырып, мақсатты топтың қажеттіліктеріне жауап беретін еріктілермен жұмыстың бірыңғай моделін әзірлеу және енгізу

2) Бейресми білім беру әдіснамасы негізінде жастар жұмысының негізгі бағыттары бойынша ерікті-тьютерлердің құзыретін арттырудың тұрақты жүйесін құру

3) Бірыңғай талаптар мен стандарттарға сәйкес тестілеуге (ҰБТ) тұрақты қатысатын жастардың дайындық деңгейін арттыруға, волонтерлік қызметке, жастардың осал санаттарын қоса алғанда ағылшын тілін, компьютерлік және құқықтық сауаттылықтарын дамыту бойынша білім беру іс-шараларын жүзеге асыруға бағытталған  білім беру жүйесін трансформациялау процесін қолдау

4) Ерікті-оқытушылардың тиімділігін ынталандыру

________________________________________________________________________

Жобаның бенефициарлары:

1) Атырау облысы ауылдық елдімекендердегі орта мектептердің жоғары сынып оқушылары (8-10 сынып), оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан (жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылар, мүгедектігі барлар);

2) ауылдық елдімекендердегі орта мектеп оқытушылары мен педагогикалық мамандықтарды бітіруші курс студенттері қатарынан еріктілер

________________________________________________________________________

Серіктестер: Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы, Ұлттық еріктілер желісі

 

Ерікті-тьютер болғысы келетіндер мына сілтеме арқылы өтіп, сауалнаманы толтыруы қажет.