Бүгін есте қалатын күндердің бірі! Себебі, Атырау облысының Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері “Jastar isi Akademɪasy” жобасының аясында “Жастар дамуының фасилитациясы” бағыты бойынша өз құзыреттіліктерін бір сатыға жоғарылатты.
⠀⠀⠀⠀⠀⠀
7 күннен бері өтіп жатқан семинар-тренинг өз мәресінен жетті. Осы уақыт ішінде жастар қызметкерлері шетелдік және ұлттық тренерлерден үлкен тәжірибе алды деген сеніміміз мол. Алған дағдылары мен тәжірибелерін өз қызметтерінде, өз қалалары мен ауылдарында қолданарын және жастар мәселесін белгілі бір деңгейге жеткізер деп үміт артамыз.
⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
Білімге, жаңашылдыққа құштар жастарға әрқашан қолдау көрсету жастар қызметкерлерінің міндеттерінің бірі деп білеміз!