Жастар жылы аясында Атырау облысының әкімдігі мен Жастар қызметкерлері қоғамдастығы 2019 жылдың 28-29 қарашасында Атырау қаласында Жастар қызметкерлерінің республикалық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.

АМР баннер

Конференцияның мақсаты – жастармен жұмыс жасайтын қызметкерлер арасында тәжірибе алмасу және Қазақстанда жастар ісін одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Конференция жұмысына еліміздің өңірлеріндегі жастар саясаты мәселелеріне жауапты басқармалардың, жастар ресурстық орталықтарының, республикалық жастар ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдері және шетелдік сарапшылар қатысады деп күтілуде, барлығы – 100 адам.

Конференция барысында «Жастар ісі: тәжірибе және келешек» атты панельдік отырыс, бірнеше шеберлік сағаттары, жастар ісі саласындағы үздік әдістер мен құралдардың көрмесі, «Үздік жастар ресурстық орталығы» республикалық байқауының марапаттау рәсімі өткізіледі.

Спикерлер ретінде Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Эстония мемлекеттерінің жастар ісі жөніндегі сарапшылары қатысып, өз ойларымен бөлісетін болады.