Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Жастар қызметкерлері қауымдастығы 30 қыркүйек - 3 қазан аралығында «Jastar isi Akademɪasy» жобасының аясында Басқару дағдылары бойынша Жастар саясаты мәселелері басқармасының қызметкерлері мен жастар ресурстық орталығы басшыларына арналған тренинг өткізді.

1 1Тренинг барысында қатысушылар көшбасшылық және басқарушылық қасиеттерді бағалау, көшбасшылықтың стильдері мен тәсілдері, трансформациялық көшбасшылық, дамушы және өсіп келе жатқан ұйымдар, өзгерістерді басқару, ұйымның өсу және өзгерістер жоспары, стандарттар бойынша құзыреттіліктерді бағалау мәселелері бойынша жеке дағдыларын дамытты.

4f56f96c 1c8a 4ca8 8829 0548ecf92145
Жобаның мақсаты - жастар ісі жөніндегі оқыту бағдарламасын жүзеге асыру арқылы Атырау облысының жастар ресурстық орталықтарының трансформациясына қолдау көрсету.

5cb38a30 dea7 4713 8a6e dc15dcdce7c9
Тренингті халықаралық тренер, Еуропа Кеңесі Жастар департаментінің тренерлер пулы және Арменияның Жастар ісі жөніндегі тренерлер ұлттық пулы мүшесі Зара Лавчиян (Армения) және Қазақстандағы бейресми оқыту бойынша жастар ісі саласындағы ұлттық тренерлер өткізді.

6b3ddbc2 0eb8 4ef9 ad62 1ea1cac407c8
Тренингке қатысушы ретінде бағдарламаның бірінші кезеңінде қатысқан Атырау облысы Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері жастар ісі бойынша өз кәсіби біліктіліктері мен құзыреттіліктерін одан әрі дамытты.

11d837c5 bae4 4383 add3 2e2c840b9e6a
Қазіргі кезде Қазақстанда 209 жастар ресурстық орталық желілері қала, облыс, аудан деңгейінде қызмет етеді. Олардың ашылуы елде 2014 жылдан басталды. Олардың басты міндеттері жастар және жастар ұйымдарға қызмет ету.

12c1f03e 73f8 4a88 972f fc20418a3dfd
Жастар ресурстық орталықтардың жұмысындағы жағымды нәтижелерге қарамастан, оларға тиімді жұмыс істеуге кедергі келтіретін факторлардың бар екені байқалады. Осылайша, Жастар қызметкерлері қауымдастығының мамандары жастардың құзыреттілігін арттыру үшін арнайы «Құзыреттілік моделін» құрастырды.

436bd645 8797 4416 9e66 f1480f94e894

7053bd54 1457 403d 9462 87850a35e358

60579294 a26f 4dd5 81e8 28d7cc6d5635

bfeb3830 b759 4009 a05e dd1f9010a4be

c7707b7a 6784 45a8 a817 a2eb3cdda026

d987c7da bdf9 49ce aec9 1c73da26bd4a

fc7f3053 4b2d 407b aaab cf765b07d5e2
#jastarisiacademiasy
#jastarqyzmetkerleriqauymdastygy
#академиямолодежнойработы
#амр
#сообществомолодежныхработников