«2019 жыл «Жастар жылы» қазан айында несімен есте қалды?» - деген сұраққа жауабымыз: - Өте көп жағымды жаңалықтармен! Солардың ішінде, тоқтала кететін болсақ, «Жастар ісі академиясы» жобасы аясында, Атырау облысындағы барлық Жастар ресурстық орталықтарында бағалау жүргізілді! Нақтырақ айтсақ: Атырау қаласы және Мақат, Құрманғазы, Исатай, Махамбет, Индербор, Қызылқоға, Жылыой аудандық жастар ресурстық орталықтары! Бағалау барысында құшақ жая қарсы алған жастар ресурстық орталықтарының атқарып жатқан жұмыстарымен одан әрі тереңірек таныстырды. Аталған орталықтардың негізгі назары жастарға бағытталады. Жастардың қажеттіліктерін ескере отырып, олар үшін тапжылмай жұмыс атқарып жатқаны және жеткен жетістіктерімен ғана тоқталмай, одан әрі дамытып, жақсарту үрдісі үстінде екендігіне куә болдық! Жұмыстарына сәттілік тілей отырып, біз өзіміздің алға қойған мақсатымызды ұстанып, жастар және жастар қызметкерлері үшін ыңталы жұмысымызды жалғастырамыз! Себебі, аталмыш қазан айы тек осы жаңалықпен шектеліп қалмай, айдың соңында «Жастар жобаларын басқару» атты тренингі өтуі жоспарлануда!

 

Фото есеп мына сілтемеде!