Достар, “Jastar isi Akademɪasy” жобасы аясында 18-21 маусым аралығында өткен “Жастар және жастар ісі мәселелері” тақырыбындағы семинар-тренингіміз өз мәресіне жетті.

4 күндік тренинг барысында Атырау облысының Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлерімен жұмыс өз деңгейінде өтті. Барлық қатысушылардың тренинг кезінде алған тәжірибелерін жұмыс барысында қолданатынына сеніміміз мол. ⠀

Сонымен, 4 күндік тренинг барысында Жастар қызметкерлері қауымдастығы дайындаған бағдарламаға сәйкес мынадай бағытта жұмыс жасалынды: ⠀

  • Жастарды дамытудағы жастар ісінің орны;
  • Жастар ісі: мән-мағына, шақырулар және мүмкіндіктер;
  • Жастар ресурстық орталықтары қызметінің стандарты және бағалау әдістемесін іске асуын сараптау;
  • Жастар қызметкерінің портфолиосы, функциялары мен құзыреттіліктері;
  • Жастар қызметкерлері құзыреттіліктерінің моделі;
  • Жастар қызметкерлерінің білім беру функциялары;
  • Даму жоспарларымен жұмыс жасау.

 

news 6 news 7

news news