news 2

1-Жұмыс кеңесі (13 маусым)

“Jastar isi Akademıasy” жобасы аясында Жастар қызметкерлері қауымдастығы мен Атырау облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасы бірлесіп Үш жылдық жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі өңірлік жоспарды әзірлеу мен талқылау бойынша жұмыс тобының отырыстары өткізді.⠀

Жұмыс тобының отырысына Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ролан Құспан @rollanquspan, Жастар қызметкерлері қауымдастығының төрағасы Нұрлыбай Наурызбаев, қауымдастықтың атқарушы директоры Елена Данилова, қалалық және аудандық ЖРО басшылары мен мамандары қатысты. ⠀⠀

Кеңес барысында Жастар ресурстық орталықтарының қызметіне талдау жасалып, оларды одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар жинақталды.⠀

Өңірлік даму жоспары негізінде алдағы үш жылда Атырау облысы жастар ресурстық орталықтарының трансформациясы жүргізілетін болады.

news news

2-Жұмыс кеңесі (14 маусым)

“Jastar isi Akademɪasy” жобасы аясында ЖРО жұмысының жаңа моделін және негізгі нысандарын анықтай отырып, Нұсқаулық жобасын талқылау бойынша 2 жұмыс кеңесі өткізілді.

Жұмыс тобының отырысына Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ролан Құспан @rollanquspan, Жастар қызметкерлері қауымдастығының төрағасы Нұрлыбай Наурызбаев, қауымдастықтың атқарушы директоры Елена Данилова, қалалық және аудандық ЖРО басшылары мен мамандары қатысты. ⠀⠀

Кеңестің нәтижесінде ЖРО жұмысының жаңа моделінің жобасы дайындалды.⠀

Дайындалған құжаттар жастар ісі жөніндегі қызметкерлерді оқыту барысында қолданылады.