Жастар бастамалар фестиваліне қатысу үшін өтінім үлгісі (23-24 қараша)

Фестивальге қатысу талаптары:

  • Жасы: 16-28
  • Жастар бастамаларын жоспарлау және іске асыру тақырыбындағы екі кезеңді тренингтен өту (шілде-тамыз)
  • Жастар бастамаларын іске асыруға қатысу (қараша)
  • Фестивальде жастар бастамаларын іске асыру нәтижелерін таныстыруға дайын болу

Фестиваль қатысушыларына ұсынылады:

  • Ұйымдастырушылардың есебінен қонақ үйде тұру (қатысушылар 23 қараша сағат 8:00-ден 25 қараша сағат 14:00-ге дейін қонақ үйде тұра алады)
  • Нұр-Cұлтан қаласына дейін және кері қайту билеттерін қатысушы өзі сатып алады. Бірақ билеттердің құнын ұйымдастырушылар поездға отырғызу талондарының түпнұсқаларын ұсынғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде төленеді. Билеттің құны бір жаққа 5000 теңгеден аспауы тиіс.
  • Жастар бастамаларының фестиваліне қатысу туралы арнайы Сертификат табысталады.
  • Үш мезгіл тамақтану

«JasA!» жобасының жастар бастамаларының фестивальіне тіркелу үшін анкетаны Word форматында толтырып, а.Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштаға 18.11.2019 г. сағат 18-00-ге дейін жіберу керек.

Анкета

  1. Аты-жөні
  2. Жасы
  3. Қала/Ауыл
  4. Облысы
  5. Whatsapp бар телефон нөмірі
  6. Неге “JasA!” фестивальға қатысқыңыз келеді?
  7. "JazA!" жобасы аясында жастар бастамаларын жүзеге асырудағы қандай жеке тәжірибелеріңізбен бөліскіңіз келеді?
  8. Алдын ала ұйымдастырушы тарапынан ескерілетін ерекше қажеттіліктеріңіз бар ма (ерекше диеталар, өздігінен жүріп-тұру шектеулері, басқалар)?
  9. Фестиваль аясында қатысушылардың шығармашылық кеші ұйымдастырылады. Егер сіз ән, би, өлең оқу және т.б. ұнатсаңыз, сіз шығармашылық кешке қатыса аласыз.
  10. Жастар бастамаларының фестиваліне қатысуға өтінім бере отырып, Сіз фото мен бейне түсірілімге, сондай-ақ дербес деректерді өңдеуге рұқсат бересіз. Дербес деректер үшінші тұлғаларға берілмейді.

Жастар жылы аясында елімізде алғашқы рет, жастардың өмір сүретін орталарында, яғни қалалары мен ауылдарында креативті және урбанистикалық бастамаларына қолдау көрсетіліп жатыр.

1 бет. Барлығы: 3